Қазақстанда аса маңызды импорттың үлесі төмендеді

12:33, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559556

© Фото: Zakon.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы ішкі тауар айналымының жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті.

"Өсім 15,3%-ды құрады. Негізгі үлесті азық-түлік сегменті қамтамасыз етті. Бұл саладағы өсім шамамен 30%-ға жетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі отандық өндірушілеріміздің сыртқы нарықтағы позициясы да нығайып келеді", – деді Арман Шаққалиев.

Министрдің мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында азық-түлік экспорты 34,4%-ға артып, 1,6 млрд долларға жетті.

"Сонымен қатар ішкі нарықтың аса маңызды импортқа тәуелділігі төмендеп келеді. Оның үлесі 14,7%-ға дейін қысқарды. Бұл отандық өнімге деген ішкі сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді", – деп толықтырды министр.

Қазақстанда Ресейдің қандай азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін екенін осы материалдан оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!