WTA Рыбакинаның US Open турнирінде Стародубцеваға қарсы ойынына пікір білдірді
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваны жеңгеніне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының жазуынша, ұйым қазақстандық теннисшінің соңғы кездегі жетістігіне назар аударған.
"Елена Рыбакина Нью-Йоркте қарқынын күшейтіп келеді. Ол Grandstand кортында тамаша ойын көрсетті", – деп жазды WTA редакторлары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Елена Рыбакина мен Юлия Стародубцева арасындағы матч қазақстандық теннисшінің пайдасына екі сетте аяқталды. Келесі айналымда Елена Жапония өкілі Наоми Осакамен кездеседі.
Рыбакина мен Осака арасындағы US Open матчы 7 қыркүйекке жоспарланған. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де.
Бұған дейін Бубликтың US Open турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 7 қыркүйек 2026
Димаш Құдайберген жаңа әлемдік турына дайындық барысын көрсетті
-
15:36, 7 қыркүйек 2026
Дәмханадағы жарылыстан 12 адам қаза тапқан: Щучинскідегі атышулы іс бойынша үкім шықты
-
15:24, 7 қыркүйек 2026
Дене жаттығулары мидың жұмысын қалай өзгертеді: ғалымдар зерттеді
-
15:12, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанда қай жерде тамақтану арзан: асхана, кафе және мейрамхана бағалары
-
15:03, 7 қыркүйек 2026
Базалық мөлшерлеме төмендеді: Қазақстанда баспана арзандай ма





