Орман өрті әлі де өршіп тұр: Қазақстанның қай өңірлерінде жалынды сөндіру жұмыстары жалғасуда
© Сурет: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру қызметінің мамандары және "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің өкілдері орман алқаптарына қауіп төндірген 11 орман өрті мен ірі дала өртін сөндіруге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы мен Алматы облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Құзырлы органдар ауа температурасының жоғарылауына және найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты бірқатар өңірде жаңа орман өрттерінің туындау қаупі сақталып отырғанын ескертті. Азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, отты абайлап пайдалануға шақырды.
Нақтыланғандай, 2026 жылғы 6 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында алты орман өрті тіркелді.
Өңірлер бойынша:
- Шығыс Қазақстан облысында – бір өрт;
- Қарағанды облысында – бір өрт;
- Павлодар облысында – бір өрт;
- Қостанай облысында – екі өрт;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында – бір өрт.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК жүргізген әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты мониторингі нәтижесінде жедел анықталды.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары, тікұшақтар мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК арнайы техникасы жұмылдырылды.
Бұған дейін Марқакөлдегі табиғи өртті сөндіруге екі тікұшақ тартылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 7 қыркүйек 2026
«Күрең берет – 2026»: арнайы жасақтың 13 жауынгері үздік атанды
-
10:34, 7 қыркүйек 2026
Конституциялық сот: сот арқылы банкроттық рәсімінде кемсітушілік белгілері жоқ
-
10:24, 7 қыркүйек 2026
Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді
-
10:20, 7 қыркүйек 2026
Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді: күдіктіден 1,5 келіден астам зат тәркіленді
-
10:11, 7 қыркүйек 2026
Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін





