Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай, құлап, үлкен кептеліс орын алды
© Фото: zakon.kz
Алматының негізгі көлік артерияларының бірінде ірі габаритті конструкцияны тасымалдау кезінде оқыс жағдай орын алды. Рыскұлов даңғылында ірі көлемді жүк жолға құлап, жаяу жүргіншілер көпірін зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Рыскұлов даңғылында, Күдерин көшесіне жетпей орын алды.
Zakon.kz тілшісінің алдын ала мәліметі бойынша, ұзын жүк көлігі биік кранның конструкциясын тиеп алған. Жер үсті жаяу жүргіншілер көпірінің астынан өткен кезінде конструкция сыймай, көпірге соғылған, содан кейін оның бір бөлігі жолға ұзыннан ұзын құлаған.
Оқыс оқиға орын алғанда, Құдай сақтап, маңайда басқа көліктер болмаған, сәйкесінше массивті конструкция ешкімге тимеген. Зардап шеккендер туралы да ақпарат түскен жоқ.
Оқиға орнынан тілшіміздің хабарлауынша, қазір Рыскұлов даңғылымен батыс бағытта қозғалыс іркілген, тек бір жолақпен ғана көліктер жылжып жатыр. Аталған учаскеде бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды.
Оқиға орнында құлаған конструкциялар жүк көлігіне қайта тиеліп жатыр.
Соқтығысу салдарынан даңғыл үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі де зақымданды. Соққы көпірге тиіп, содан кейін оның бетінде айтарлықтай деформация пайда болды.
Оқиғаның себептері мен көпірдің зақымдану дәрежесі туралы, әзірге ресми ақпарат жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:19, 23 қазан 2026
Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды
-
08:10, 23 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
-
08:10, 23 қазан 2026
Президент Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
-
22:41, 22 қазан 2026
Тибетте қатты жер сілкінісі болды
-
22:30, 22 қазан 2026
Алматылық «Қайрат» грекиялық «Панатинаикостан» ойсырай ұтылды





