Димаш Құдайберген жаңа әлемдік турына дайындық барысын көрсетті

15:40, 7 қыркүйек 2026
MKZ: 1565588

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жаңа шоуына дайындық жүріп жатқан студиядағы кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші бұл суретті 2026 жылғы 6 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялады.

"Студиядан сәлем! Алдағы турға жаңа материалдар дайындап жатырмын. Тур алғашқы сахнаға шығудан әлдеқайда бұрын басталады. Ол ойлардан, ұйқысыз түндерден, студиядағы тыныштықтан және бір күні осының бәрі біз бірге бастан өткеретін ерекше сәтке айналатынына деген сенімнен басталады", – деп жазды әлемге әйгілі әнші.

Турдың алғашқы концерттерінің кестесі:

  • 18 қазан 2026 жыл – Краков, Польша (Tauron Arena).
  • 24 қазан 2026 жыл – Дюссельдорф, Германия (PSD BANK DOME).
  • 30 қазан 2026 жыл – Мадрид, Испания (Palacio Vistalegre).
  • Қараша 2026 жыл – Латын Америкасы қалаларындағы турдың жалғасы (Мексика, Колумбия, Чили).

2026 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбетінің күні аталып өтті. Осыған орай Димаш Құдайберген де шет қалмай, жаңа ұлттық мерекеге арналған эксклюзивті кадрларымен бөлісті.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің DiMENSIONS атты жаңа әлемдік концерттік туры 2026 жылғы 18 қазанда Польшаның Краков қаласындағыконцерттен басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!