Балалар мінген автобус Африкада жолдан шығып кетіп, 25 адам қаза тапты
© Сурет: magnific.com
Кабо-Верденің Фогу аралында балалар мен жасөспірімдер мінген автобустың жолдан шығып кетуі салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы Сан-Филипи қаласының мэрі Нуиас Силва мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Jornal de Notícias басылымының жазуынша, мектеп оқушыларын сапарға алып шыққан автобус Кампанас-де-Сима ауданында жолдан шығып, шамамен 30 метр биіктіктен құлаған.
Бұған дейін билік 22 адамның қаза тауып, тағы 18 адамның зардап шеккенін хабарлаған еді. Жараланғандардың төртеуінің жағдайы ауыр. Ауруханаға жеткізілген балалардың жасы 6-дан 11 жасқа дейін.
Оқиға орнында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ел астанасы Праядан аралға қосымша медициналық бригада жіберіледі.
Сан-Филипиде екі күндік аза тұту жарияланды. Қаза тапқандардың жетеуі жерленді, жерлеу рәсімдері жексенбі күні де жалғасып жатыр.
Кабо-Верде президенті Жозе Мария Невеш қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларымен кездесіп, оларға көрсетіліп жатқан көмек шараларымен танысу үшін Фогу аралына барады. Португалия билігі де қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Бұған дейін Үндістанда пойыздың кенеттен рельстен шығып кеткені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 23 қазан 2026
Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды
-
13:00, 23 қазан 2026
Чернобыльде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
-
12:19, 23 қазан 2026
Непалдағы 7140 метрлік шыңда екі альпинист жоғалып кетті
-
11:36, 23 қазан 2026
Сауд Арабиясы «Мукааб» алып текше ғимараты жобасына өзгеріс енгізді
-
10:45, 23 қазан 2026
Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады





