Доллар бағамы 1 шілдегі сауда-саттықта тағы төмендеді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 479,26 теңгені құрап, 0,72 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы да 0,01 теңгеге арзандап, 6,15 теңгені құрады.
Ал Қытай юані бойынша бүгін сауда жүргізілген жоқ.
Айырбастау пункттерінде:
- АҚШ доллары 480–482 теңгеден сатып алынып, сатылуда;
- еуро 545,2–550,4 теңге аралығында;
- Ресей рублі 5,87–6,02 теңге аралығында саудалануда.
Сонымен қатар, 1 шілдегі сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айына арналған фьючерстері 0,60%-ға арзандап, барреліне 72,51 АҚШ долларын құрады.
Ал WTI маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері 0,71%-ға төмендеп, барреліне 69,01 АҚШ долларына дейін түсті.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 1 шілдеге арналған ресми бағамды:
- АҚШ доллары – 480,72 теңге;
- еуро – 548,07 теңге;
- Ресей рублі – 6,14 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:52, 1 шілде 2026
Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында тасыған өзен көпірді қиратты
-
17:37, 1 шілде 2026
Алматы облысында шайылу қаупіне байланысты Түрген өзеніндегі көпір жабылды
-
17:24, 1 шілде 2026
Елімізде бензин мен басқа да жанар-жағармай өнімдерінің бағасына қатысты бақылау күшейтіледі
-
17:18, 1 шілде 2026
Қазақстанда жоспарланған электрондық сауданың жаңа нормалары 1 шілдеде күшіне неге енбеді
-
16:59, 1 шілде 2026
Бірегей ғарыш обсерваториясы Жерге құлауы мүмкін: оны құтқару үшін бұрын-соңды болмаған операция басталады





