Вучич Тоқаевты жақын арада Сербияға ресми сапарға шақырды
© Сурет: akorda.kz
Сербия Президенті Александр Вучичті Ақордада ресми қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшыларының тар құрамдағы келіссөздері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияны Еуропадағы өте маңызды стратегиялық серіктес деп санайтынын айтты.
"Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін." Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Вучичтің сапары достық қатынастарға қосымша серпін беретін тұрғыдан аса маңызды екенін атап өтті. Александр Вучич болса, көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.
"Қазақстанға ресми сапармен келгеніме қуаныштымын. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз." Александр Вучич
Сербия Президенті Александр Вучич 2026 жылғы 26 ақпанда Астанаға келді. Қонақты астаналық әуежайда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 27 ақпан 2026
Қазақстанда бақыланатын есірткі және психотроптық заттардың тізімі жаңартылды
-
14:45, 27 ақпан 2026
Қазақстандық диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып қалды
-
14:37, 27 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
-
14:25, 27 ақпан 2026
Қалың қар және тұман: Алматыда дауылды ескерту жарияланды
-
14:14, 27 ақпан 2026
Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асты





