Вьетнамға барып келгеннен кейін ТМД туристері шетінен ауыра бастаған
© Фото: zakon.kz
Ресейлік Telegram-арналарда Вьетнамға саяхаттап келгендердің ауыра бастағаны туралы ақпарат тарай бастады. Туристердің бірінің айтуынша, қызының кешкілік мұрнынан су ағып, ал таңертең дене қызуы көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
SHOT Telegram арнасының мәліметінше, ауру ошағы Вьетнамның курортты қалаларының бірі – Нячангта тіркелген. Әлеуметтік желіде баланың ауруханаға жатқызылғаны жазылған. Жергілікті дәрігерлер курортта осындай бірнеше жағдайдың анықталғанын, бірақ олар вирус түрін анықтай алмай жатқанын мәлімдеді.
Тағы бір турист – 39 жастағы мәскеулік әйел үш аптадан бері қатты жөтеліп жүргеніне шағымданған. Дәрігерлер де оған нақты диагноз қоя алмаған.
Туристер вирус ауа желдеткішіндегі микробтардың кесірінен тарауы мүмкін деген пікірде. Бұл жайтқа қатысты Ресей туриндустриясы одағы (РТО) Вьетнамдағы ресейліктер арасында белгісіз вирустың таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарып, мәлімдеме жасады.
"Вьетнамдағы ресейлік туристерден ауру бойынша жаппай шағымдар түскен жоқ. Сақтандыру компаниялары да жаппай шағымдарды тіркемеді", делінген РТО мәлімдемесінде.
Бұған дейін Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:30, 8 қараша 2026
Жер бетінде магниттік дауыл жүріп жатыр
-
09:21, 8 қараша 2026
«Мыжылып, адам қысылып қалды». Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
-
09:04, 8 қараша 2026
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі
-
17:53, 7 қараша 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
-
16:57, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты





