Вера Ким Мәжіліс депутаты атанды

© Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 19 қыркүйекте Вера Кимді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен ведомство отырысы өтіп, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы" қаулы қабылданды.
Нұрлан Әбдіров Вера Кимге белгіленген үлгідегі куәлік пен төс белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.
Вера Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
- 2003 – 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, "Әлеуметтік-волонтерлік орталығы" жастар қоғамдық бірлестігінде, "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.
- 2012 жылы - "Ұлттық волонтерлік желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.
- 2017-2021 жылдары - "Zhasproject" жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.
- 2021 – 2023 (қаңтар) жылдар аралығында – "Amanat" партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты.
Айта кетсек, 31 тамызда Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі тоқтатылды. 4 қыркүйекте оның Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
02:12, 29 қыркүйек 2023
«Комиссия келе жатыр». Мектеп дәретханасындағы сабын мен қағазды түсірген қыз қысымға ұшыраған
-
01:50, 29 қыркүйек 2023
Доминик Тим Астанадағы турнирдің екінші айналымында ойнайды
-
01:13, 29 қыркүйек 2023
Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шенені қабылдады
-
01:04, 29 қыркүйек 2023
STADA компаниясы Қазақстандағы медициналық жобалар мен бағдарламаларға инвестиция құюға дайын
-
00:50, 29 қыркүйек 2023
Президент HHLA компаниясының басқарма төрағасы Ангела Титцратпен кездесті