Велосипед, телефон, ноутбук: Ақтөбеде «әмбебап» ұры ұсталды
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Полиция қызметкерлері велосипед ұрлықтарын ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 46 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Кейіннен белгілі болғандай, күдікті тек велосипедтерді ғана емес, өзге де бағалы заттарды қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің төрт велосипедті, бір ұялы телефонды және бір ноутбукты ұрлағаны анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 750 мың теңгені құрады.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- деп мәлімдеді құзырлы орган.
Бұл ретте, полиция азаматтарға қырағы болуды ескертеді: "Велосипедтерді қараусыз қалдырмаңыздар, сенімді құлыптау құралдарын пайдаланыңыздар және жеке мүліктеріңіздің сақталуына мұқият болыңыздар".
Сондай-ақ, ведомство егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз немесе тергеу үшін маңызды ақпаратқа ие болсаңыз, 102 арнасына хабарласуға шақырды.
Бұған дейін Алматыда жол апаты болып, адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 2 шілде 2026
Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті
-
11:03, 2 шілде 2026
«Сағынатын боламын»: Дастан Сәтбаев жанкүйерлеріне үндеу жасады
-
10:45, 2 шілде 2026
Ақмоладағы жеке лагерьде оқушылар жаппай уланды: полиция істің мән-жайын анықтауда
-
10:32, 2 шілде 2026
Есірткі бизнесінің цифрлық арналарына қарсы күрес күшейді: 9 мың банк картасы бұғатталды
-
10:25, 2 шілде 2026
Екібастұзда сотталушы түзету мекемесіне телефон алып өтпек болған





