Үздіксіз жаңбырдан соң Тайланд алапат тасқынға дайындала бастады

15:56, 7 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Таиландтың орталығындағы провинциялар алапат тасқынға дайындалып жатыр. Себебі мұнда бірнеше апта бойы жаңбыр тоқтаусыз төпелеп жауған.

Cалдарынан дамба суға толды. Қауіпті аймақтағы қалалар қатарында мемлекет астанасы Бангкок та бар. Ал Чиангмай қаласында ішінара эвакуация жүріп жатыр.

Ұлттық парктегі 125 пілдің көпшілігі қауіпсіз жерлерге шығарылған. Алып жануарлардың кейбірі биік жерге өздері көтеріліпті.

Мұнда жауын тоқтағанымен, құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Апаттан зардап шеккендерге еріктілер де жәрдемдесіп жүр.

"Ассоушиэйтед пресс" агенттігінің хабарлауынша, туристер көп баратын түнгі базар мен Та Па Гейт қалаларын да су басқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!