Үндістанда жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысты, қаза тапқандардың қарасы көп
© Сурет: pixabay
Үндістанның Одиша штатында жүк пойызымен соқтығысқан жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hindustan Times-тың хабарлауынша, темір жол бойындағы апат жергілікті уақыт бойынша сағат 19:20 шамасында (Астана уақыты бойынша 19:50) Баханага Базар станциясы маңында, яғни Калькутта маңындағы Шалимар станциясынан Ченнайға аттанған жолда болған. Басылым кем дегенде 30 адамның қаза тапқанын жазады.
Апат орнына бірнеше апаттық-құтқару пойыздары, 50 жедел жәрдем көлігі және бірнеше өрт сөндіру техникасы жіберілді. Баласордағы медициналық колледжіне зардап шеккендердің 47-сі жеткізілді, деп жазады ANI агенттігі. Барлығы 179 адам зардап шекті, деп нақтылайды India Today.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





