Фермерлерге су беру қызметінің құнын субсидиялау ережелері өзгерді
© Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 19 тамыздағы бұйрығымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметінің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары көрсететіні нақтыланды.
Субсидия жыл сайын мына бағыттар бойынша беріледі:
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру;
- жерасты суын пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін электр энергиясының құнын арзандату.
Бұл ретте субсидиялау су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жерасты суын пайдаланған жағдайда суару үшін суды көтеруге және беруге нақты жұмсалған электр энергиясына кеткен шығындарға қатысты жүргізіледі.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Субсидиялау мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі аясында жүзеге асырылады:
Бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі. Онда мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің электрондық тізілімі қалыптастырылады. Бұл жүйе мемлекеттік қолдау алушының белгіленген негізгі талаптарға сәйкестігін тексереді.
Екінші деңгей – өтінімдерді қабылдап, өңдеп, алғашқы деңгейдегі жүйеге жіберетін салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Сонымен қатар субсидия алу үшін мынадай талаптар белгіленді: су шаруашылығы нысанының (ұңғыма, құдық) паспорты мен пайдалану қағидалары болуы, сондай-ақ жерасты суын су үнемдеу технологияларымен пайдаланған кезде су алатын нысанның (ұңғыма, құдық) өзінде тікелей орнатылған электр энергиясын өлшейтін есептеуіш құралдардың болуы қажет.
Өтінімдер тиісті жылдың 1 мамыры мен 15 желтоқсаны аралығында жер учаскесінің орналасқан жері бойынша қабылданады. Субсидия нақты вегетациялық кезеңде пайдаланылған су көлемі үшін беріледі.
Сатып алынған суару суының бір текше метріне берілетін субсидия мөлшері:
2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін күріш дақылдары үшін:
- егістікті тегістейтін жабдық қолданылса (лазерлік/спутниктік жоспарлағыш, скрепер-жоспарлағыш) – ҚҚС-сыз тарифтің 50%-ы;
- мұндай жабдық қолданылмаса – ҚҚС-сыз тарифтің 30%-ы;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап егістікті тегістейтін жабдық қолданылған жағдайда – ҚҚС-сыз тарифтің 30%-ы;
- Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы лиманды суару жүйесімен өсірілетін көпжылдық азықтық дақылдар үшін – ҚҚС-сыз тарифтің 85%-ы.
Бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 25 тамыз 2026
Енді оқушыларға барлық пән бойынша баға қойылатын болады
-
17:13, 25 тамыз 2026
Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі
-
16:59, 25 тамыз 2026
Сыр бойының ұмыт қалған тағамдары: қазақ дастарқаны қандай болған
-
16:56, 25 тамыз 2026
Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі





