Ұлттық банк бюджет шығынының өсуі инфляцияға қалай әсер ететіні түсіндірді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қазанда өткен брифингте бюджет шығынының артуы мен Ұлттық қордан берілетін трансферттердің елдегі инфляцияға қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер 2027 жылы бюджет шығынын 30,2 трлн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын, ал Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі шамамен 4,4 трлн теңге болатынын атап өтті. Олар бұл шаралар елдегі инфляцияны үдетпей ме деп сұрады.
"Менің білуімше, 2,43 трлн теңге – кепілдендірілген трансферт, ал 2 трлн теңге – нысаналы трансферт. Біз мұның инфляцияға белгілі бір деңгейде әсер ететінін түсіндік. Сондықтан дәлізді 0,5 пайыздық тармаққа кеңейттік. Экономикаға көп ақша құйылған кезде оның инфляцияға еш әсері болмайды деу мүмкін емес. Әсері айтарлықтай болмаса да, дәлізді кеңейтуге тура келді", – деді Тимур Сүлейменов.
Сонымен қатар ол бұл шығындар қажет деп санайды. Ұлттық банк басшысының айтуынша, олар экономиканың әлеуетін арттырып, тұрақты сападағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тұрақты бағамен ұсынуға мүмкіндік беруі керек.
"Мұндай шығындарсыз да болмайды. Біз тек бір мәселені ғана айтып, "тыныштық пен тұрақтылық болсын" дейтін өз әлемімізде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ең тұрақты орын – зират! Біз мұны мүлде қаламаймыз. Керісінше, экономикамыздың барлық әлеуетін барынша іске қосуымыз керек. Құрылыс саласы, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені дамуы қажет. Бұл экономиканың әлеуетін арттырып, инфляциялық қысыммен күресуге көмектеседі", – деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Тағы бір мәселе – бөлінген қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалатыны.
"Бұған Үкімет жауап береді. Біз өз тарапымыздан цифрлық теңге мен смарт-келісімшарттар платформасы арқылы көмектесіп жатырмыз. Ұлттық банк пен Үкіметтің үйлесімді жұмысының арқасында келесі жылы қомақты қаражатты инфляцияға барынша аз әсер ететіндей, ал әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен қайтарымы барынша жоғары болатындай етіп игереміз деп ойлаймын", – деп түйіндеді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:09, 23 қазан 2026
Еркін Оқасов United World Wrestling Бюросының мүшесі болып сайланды
-
20:49, 23 қазан 2026
«Тісі жоқ болғандықтан ұялған»: сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді
-
20:37, 23 қазан 2026
Ненад Лалович Біріккен күрес әлемінің президенті болып қайта сайланды
-
20:12, 23 қазан 2026
Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
-
19:44, 23 қазан 2026
Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті





