Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды

14:33, 23 қазан 2026
MKZ: 1574017

© Сурет: Snøhetta

Қытайдың Шанхай қаласында жаңа Үлкен опера театры (Shanghai Grand Opera House) ашылды. Ғимараттың басты ерекшелігі - алып спираль тәрізді баспалдақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың Шанхай қаласында жаңа Үлкен опера театры (Shanghai Grand Opera House) ашылды. Ғимараттың басты ерекшелігі – алып спираль тәрізді баспалдақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lifehacker басылымының жазуынша, баспалдақ Хуанпу өзенінің жағасынан басталып, ғимараттың шатырына дейін ирелеңдеп көтеріледі. Шатырда қаланы тамашалауға арналған алаң, қоғамдық кеңістіктер және ашық аспан астындағы сахна орналасқан.

Бұл орындарға тегін баруға болады. Ол үшін спектакльге билет сатып алу міндетті емес.

Жобаны шамамен 10 жыл бұрын өткен халықаралық байқауда жеңіске жеткен норвегиялық Snøhetta сәулет компаниясы әзірлеген. Ғимараттың жалпы ауданы 150 мың шаршы метрге жуық.

Опера театрының ішінде жалпы саны 4 200 көрерменге арналған үш зал бар.

Ең үлкені – Harmony Hall залы, ол 2 000 адамды қабылдай алады.

Театрдың негізгі фойесі ақ түспен безендіріліп, қызыл түсті элементтермен толықтырылған. Сонымен қатар ғимарат ішіне табиғи жарық мол түседі. Алайда кешеннің басты сәулеттік ерекшелігі – сыртқы баспалдақ.

Оның шиыршықталған пішіні дәстүрлі қытай желпуішін, би қимылдарын, фортепиано пернелерін және Хуанпу өзенінің ағысын еске салады. Сәулетшілер баспалдақты жай ғана құрылыс нысаны емес, ауқымды қоғамдық өнер туындысы ретінде жобалаған.

Snøhetta компаниясы қоғамдық кеңістіктің қолжетімді болуына да ерекше мән берген. Жобаның авторлары опера театрына қала тұрғындары тек спектакль көру үшін ғана емес, серуендеп, қаланың көрінісін тамашалау үшін де келетін орын жасауды көздеген.

Бұған дейін Сауд Арабиясы "Мукааб" текше ғимаратының жобасына өзгеріс енгізгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!