Сауд Арабиясы «Мукааб» алып текше ғимараты жобасына өзгеріс енгізді
© Сурет: Public Investment Fund
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жүзеге асырылып жатқан New Murabba жобасының басшылығы ауысты. Жобаның басты нысаны болуы тиіс алып "Мукааб" текшесіне қатысты компанияның бас директоры міндетін уақытша Сабах Баракат атқаратын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science басылымының мәліметінше, бұл өзгеріс мегажобаны қаржыландыру жоспары қайта қаралып жатқаны туралы хабарлардан кейін болды. Тамыз айының соңында Financial Times басылымы басшылық құрамдағы ауыс-түйіс туралы жазған. Қазіргі уақытта компанияның ресми сайтында да Сабах Баракат басшылық өкілі ретінде көрсетілген.
Ол 2024 жылдың қаңтарынан бері New Murabba компаниясын басқарған Майкл Дайктің орнына келді. Сабах Баракаттың жылжымайтын мүлік саласында және ірі қалалық жобаларды жүзеге асыруда 35 жылдан астам тәжірибесі бар.
Ол Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорында басшылық қызмет атқарады. Бұған дейін ROSHN компаниясын уақытша басқарған. Сондай-ақ New Murabba жобасын қалыптастыру кезеңінде де жетекшілік еткен.
Басшылықтағы өзгеріс Сауд Арабиясындағы ерекше мегажобалардың бірін қайта қарау туралы ақпарат тарағаннан кейін болды. Қаңтар айында "Мукааб" құрылысының жер қазу және қадаларды орнату жұмыстарынан кейінгі кезеңі тоқтатылғаны хабарланған еді. Сол кезде билік жобаны қаржыландыру мен оны іске асырудың орындылығын бағалаған. Ал нысанның айналасындағы ауданды дамыту жұмыстарын жалғастыру жоспарланған.
New Murabba жобасының ресми сайтында "Мукааб" биіктігі мен ені 400 метр болатын сәулет нысаны ретінде көрсетілген. Оның ішінде сауда орындары, қонақүйлер, тұрғын үйлер, панорамалық көріністерге арналған кеңістіктер мен мәдени нысандар орналастыру көзделген.
Жобаның жаңа кезеңіндегі нақты келісімдердің бірі Almana Medical Group компаниясымен серіктестік болды.
25 тамызда компания жалпы аурухана салуға шамамен 1 млрд сауд риалын инвестициялау жоспарын жариялады. Аурухана үшін ханзада Түрки ибн Абдель-Азиз әл-Әууәл жолының маңынан 16 мың шаршы метрден астам жер телімі қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 23 қазан 2026
Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады
-
10:23, 23 қазан 2026
15 жыл бойы шатырда жатқан карталар британдықты миллионер етті
-
10:14, 23 қазан 2026
АҚШ-та оқушы қызды ұрламақ болған сәт бейнежазбаға түсіп қалды
-
22:41, 22 қазан 2026
Тибетте қатты жер сілкінісі болды
-
16:55, 22 қазан 2026
Әлемде алғаш рет сирек кездесетін Шамонда вирусын жұқтырған науқас қайтыс болды





