Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

09:41, 23 қазан 2026
MKZ: 1573922

© Фото: Zakon.kz

Әлеуметтік желіде автобуста ер адамға тап беріп, балағат сөздер айтқан қыздың видеосы тарады. Желі қолданушылары оның әрекетін қолдағанымен, полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қыздың сыртқы келбетіне қатысты ескерту жасаған. Бұған ашуланған қыз оған тап берген. Қасындағы жолаушылар жанжалдың төбелеске ұласпауына араша түскен.

Желі қолданушылары қыздың батылдығына сүйсініп, пікірлерінде оның өзін қорғағанын дұрыс деп бағалаған. Алайда полиция оның автобус ішінде балағат сөздер айтқанына назар аударған.

"Жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда балағат сөздер айтылғаны көрінеді. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, болған жағдайға құқықтық баға берді. Алматының 27 жастағы тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады қалалық полиция.

Сот қызға 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл салды.

"Ашуға берілу жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық көлікте балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған адам да жазаға тартылады", – деп ескертті полиция.

Бұған дейін Алматы тұрғындарының аутизмі бар қызға көмектескені хабарланған еді. Олар баланы көшеде жалғыз әрі киімсіз жүрген жерінен тапқан. Сол күні қыз әжесінің қарауында болған, алайда бір сәтте үйден жүгіріп шығып, адасып кеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!