Үлкен суға дайындық: Орал мен Атырауда не болып жатқанын онлайн режимде көруге болады

18:27, 17 сәуір 2024

© Сурет: gov.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кез келген азамат үлкен су келіп қалуы мүмкін деген Орал мен Атырауда не болып жатқанын онлайн режимде көре алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы салалық министр Telegram-дағы парақшасында жазды.

"Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды да көру мүмкіндігі бар", деп жазды Бағдат Мусин 2024 жылы 17 сәуірде.

Сондай-ақ министр үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Айта кетсек,

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!