Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты

© Сурет: pixabay
Бүгін, 26 сәуірде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов Долинка елдімекеніне қызметке бара жатып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ұландықтар жанып жатқан ғимаратқа кіріп, іштен үш баланы шығарып алады.
Айта кету керек, әскери қызметшілер балаларды эвакуациялап қана қоймай, жанып жатқан үйден жарылыс қаупін тудырған 50 литрлік газ баллонды да алып шықты.
"Өртті көрген бойда бірден сол жерге жүгірдік. Балалар жылап жатыр екен, түтінге булығып тыныс алу да қиындап кеткен. Жағдайды аңғарып, бір секунд та жоғалтпау керек екенін түсіндік. Біз үшін бұл әрекет батырлық емес — мұны бізге күн сайын үйретеді. Біз адамдарды қорғауға ант бергенбіз және кез келген жағдайда сол антқа адал болуға міндеттіміз", — дейді ұландықтар.
Сурет: ҚР ІІМ ҰҰ баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмыс істейді. Әскери қызметшілердің жедел және шешуші әрекеттері үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.
Ұландықтардың кәсіби әрекеті құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары елді қорғауға және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашан дайын екендігін тағы да дәлелдеді.
Бұған дейін Қызылорда облысында екі жасар бала тікұшақпен шұғыл орталыққа жеткізілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр