Украина президенті Ресеймен энергетикалық бітім жасалғанын растады

10:25, 30 қаңтар 2026

© Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде Ресеймен энергетикалық бітімнің 30 қаңтарға қараған түні күшіне енетінін мәлімдеді. Ресми ақпарат Украина көшбасшысының Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru дерегінше, Украина басшысы энергетикалық нысандарға жасалатын соққыларды тоқтатуға бағытталған күш-жігері үшін АҚШ-қа алғыс айтып, Вашингтонның энергетикалық бітімді қамтамасыз ете алатынына үміт білдірді.

"Бүгінгі түнгі жағдай мен алдағы күндер, біздің энергетикалық нысандарымыз бен қалаларымыздағы нақты ахуал осының бәрін көрсетеді", – деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ президенті Дональд Трамптың "қысқы суық кезеңде Киев пен Украинаның өзге қалаларына қауіпсіздік беру мүмкіндігі бар" деген мәлімдемесін маңызды деп атады.

Бұдан бөлек, Зеленский Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келгенін растады. Алайда бұл келісімдердің нақты қандай шарттарды қамтитынын нақтылаған жоқ. Ресей билігі әзірге энергетикалық бітімге дайын екенін ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Абу-Дабида АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты форматтағы алғашқы кездесуі өткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!