Украина НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен енуін сұрап, өтініш берді

21:54, 30 қыркүйек 2022
212

© Сурет: Zelenskiy / Official

Владимир Зеленский Украинаның НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен енуін сұраған өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды.

Біз (Украина мен НАТО) бір-бірімізге арқа сүйейміз, бір-бірімізге көмектесеміз және бір-бірімізді қорғаймыз. Альянс дегеніміз осы. Де-факто. Бүгін Украина мұны де-юреге айналдыру үшін өтініш берді. Біздің бүкіл қауымдастықты қорғау үшін біздің жағдайымызға сай келетін процедура бойынша, яғни жеделдетілген тәртіппен. Украина Президенті Владимир Зеленский

Зеленскийдің бұл мәлімдемесі Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысынан кейін жария болды.

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг 30 қыркүйекте жоспарланбаған баспасөз мәслихатын өткізетінін айтқан болатын.

НАТО-ға кіру үшін альянсқа мүше барлық 30 елдің қолдауына ие болу қажет. Бұған дейін Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге өтініш білдіргенде тек Түркия өз келісімін бермеген. Анкара бірқатар шарттар қойып, содан кейін сөзге келді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!