ҰҚК резервшілерінің жиындарынан өту ережесі бекітілді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрықпен резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыс жағдайлары кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан өтуі олардың арналуына сәйкес міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған әскери басқару органдары мен бөлімшелерінің оқыту мен үйлестіру процесін (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік дайындығы) қамтиды.
Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығының мақсаты олардың арналуына сәйкес міндеттерді уақтылы өрістетуді, қолдануды және тиімді орындауды қамтамасыз ететін жеке және ұжымдық дайындық деңгейін ұстап тұру және арттыру болып табылады.
Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығының міндеттеріне мыналар жатады:
- бөлімшелерді жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, сондай-ақ қызметтік, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындау кезінде қызметтік және арнайы міндеттерді орындауға дайындау;
- шекара нарядтары, экипаждар, есептоп, ауысымдар мен бөлімшелер құрамында әрекет етуге даярлау, жауынгерлік машық деңгейін арттыру;
- қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеру, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қолдану, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша практикалық дағдыларды игеру;
- моральдық-психологиялық және физикалық қасиеттерді, оның ішінде батылдылақты, шыдамдылықты, ептілікті, күйзеліске төзімділікті және аса күрделі жағдайларда әрекет ету қабілетін қалыптастыру.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға бөлімше бастығымен (командирімен) келісу бойынша басқа бос уақытында қатысады.
Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.
Резервтегі әскери адамдардың даярлық деңгейін бағалау үшін басқару органдары мен бөлімшелердің жауынгерлік (жедел-жауынгерлік) даярлығын ұйымдастыруды реттейтін құқықтық актілерде бекітілген тәртіпте жауынгерлік даярлық бойынша жиындардың қорытынды кезеңінде жеке және штаттық (құрама) бөлімше құрамында бақылау сабақтары өткізіледі.
Резервтегі әскери адамдар қызмет өткеретін бөлімшенің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыратын басқару органы жауынгерлік даярлық бойынша оқу жылына:
- алғаш рет – резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін үш күн ішінде;
- кейіннен – жыл сайын 30 қарашаға дейін сабақтар мен жиындар өткізу кестесін әзірлейді.
Жауынгерлік даярлық өткізу кестесін бөлімше бастығы (командирі) бекітеді және бекітілген күннен үш жұмыс күні ішінде резервтегі әскери адамдарға жеткізіледі.
Бекітілген кестеден үзінді резервтегі әскери адамға негізгі жұмыс орнына ұсыну үшін беріледі.
Жауынгерлік даярлықты өткізу кестесі өзгерген жағдайда резервтегі әскери адамдар бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Резервтегі әскери адамдардың дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өтуі дағдарысты ахуалды оқшаулау және жою үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайда бөлімше (мекеме) құрамында іс-шараларды орындауды қамтиды.
Дағдарыс жағдайы жарияланған кезеңде резервтегі әскери адамдар резервте әскери қызмет өткеретін бөлімшенің бастығы (командирі) айқындайтын тәртіппен және мерзімде бөлімшеге келеді.
Дағдарыс жағдайлары кезіндегі жиындардың басталуы мен аяқталуы туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға қабылдайды.
Бұйрық 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 17 желтоқсан 2025
Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, ұшты-күйлі жоғалған алты адам аман-есен табылды
-
18:27, 17 желтоқсан 2025
Australian Open-2026 турнирі: Заңғар Нұрланұлының нешінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды
-
17:58, 17 желтоқсан 2025
Алматыда қоқыс өртейтін зауыт қашан салынып бітеді - әкім жауабы
-
17:51, 17 желтоқсан 2025
Аягөзде жолда тұрып қалған жүк көлігі өзге жүргізушілерге қолайсыздық туғызды
-
17:37, 17 желтоқсан 2025
Денсаулық сақтау министрі жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты тың мәліметпен бөлісті





