«Үкімет кетсін!». Моңғолия ереуілдеп жатыр
© Сурет: видеодан алынды/newspress
Моңғолия астанасында үлкен митинг өтті, үш мыңнан аса адам мәселені шеше алмайтын үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Митингке қатысушылар 2025 жылдың 11 қаңтарында Ұлан-Батордың орталық алаңына жиналды. Олар сыбайлас жемқорлықпен, астанадағы көк түтінмен және кептеліспен күресу, сондай-ақ салықты азайту бойынша шаралар қабылдауды талап етті, деп жазады жергілікті news.mn жаңалықтар сайты.
Митингке байланысты алаңды басып өтетін 15 бағыттағы автобус жұмысын тоқтатты.
Митинг кем дегенде 10 сағатқа созылды. Басылымның хабарлауынша, анда-санда наразылық білдірушілер Сухе-батор алаңында орналасқан үкімет сарайына шабуыл жасамақ болған, бірақ полиция мен арнайы күштер оларды тықсыра қуумен болған.
Жагсагчид Засгийн газрын ордон руу дайрч байна... pic.twitter.com/jLohHfdEcL
— Newspress (@newspressmn) January 11, 2025
Алдын ала мәліметтер бойынша, демонстрациялар 22 қаңтарға дейін жалғасады деп жоспарланады.
Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдан бастап Моңғолияның барлық мемлекеттік және муниципалдық органдары ресми құжаттарда кириллицамен бірге ұлттық әліпбиді де қолдана бастады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:08, 12 қаңтар 2025
Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды
-
13:26, 12 қаңтар 2025
ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады
-
13:17, 12 қаңтар 2025
Желідегі дақпырт: Қостанай облыстық полициясы түсініктеме берді
-
12:42, 12 қаңтар 2025
Ауа сапасы нашар ШҚО-да экология департаменті басшысының орынбасары сотталды
-
11:47, 12 қаңтар 2025
Таразда ағаш цехында от тұтанып, алапат өрт болды