ІІМ былтыр құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 1 949 күдіктіні ұстады
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 1 949 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың ішінде:
- адам өлтіру бойынша – 43;
- қарақшылық шабуыл бойынша – 22;
- денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;
- зорлау бойынша – 6;
- тонау бойынша – 68;
- бопсалау бойынша – 21;
- ұрлық бойынша – 484;
- есірткі қылмысы бойынша – 91.
ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталды.
Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды.
"Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деп атап өтті ведомство.
Қаңтар айының басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол өткен жылдың қараша айында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атқан.
Семейде полиция 35 жастағы ер адамды құрықтады. Ол 2023 жылы топпен бірге Алматыда қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан. Жедел қызметкерлер барлық күдіктіні ұстады. Олар 42 ұрлық эпизодына қатысы бар айыпталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:09, 11 қаңтар 2025
Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан
-
16:58, 11 қаңтар 2025
Атырауда мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды
-
16:17, 11 қаңтар 2025
12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:18, 11 қаңтар 2025
Атырауда жанармай бекетіндегі өрттің алдын алған азаматтар марапатталды
-
14:56, 11 қаңтар 2025
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады