«Үйде жалғыз қалғанда» фильмі түсірілген үй сатылымға шығарылды
© Сурет: zillow
"Үйде жалғыз қалғанда" фильміндегі көпбалалы Маккаллистер отбасының зәулім сарайы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чикаго маңындағы ауылда орналасқан екі қабатты және шатырлы үй 5,25 миллион долларға бағаланды. Хабарландыру Zillow веб-сайтында орналастырылған.

Сурет: zillow
Сонымен, ауданы 848 шаршы метр болатын зәулім үй 2018 жылы заманауи стильді ескере отырып жөнделген болатын. Айта кетерлігі, үй иелері әйгілі фильмдегі үйдің ерекшеліктерін сақтауға тырысты.
"Керемет фойе мен ұмытылмас кіреберіс баспалдақ, сондай – ақ қатаң қонақ бөлмесі мен асхана – мұның бәрі пішіні мен құрылымы бойынша іс жүзінде өзгерген жоқ", - делінген лоттың сипаттамасында.
Үйде үлкен ас бөлмесң, қойма, күн шуағы түсетін жағында отбасылық бөлме, камині бар әйнектелген кіреберіс, спорт залы, кинотеатр және заманауи құрылғылармен жабдықталған көптеген бөлмелер бар. Төбелердің биіктігі шамамен 3,2 метрге жетеді. Резиденция темір қақпамен қоршалған жақсы күтімді бақшамен сәнделген. Үй маңында үлкен спорт алаңы, үш гараж, СПА аймағы бар.

Сурет: zillow
Аталмыш үй 1921 жылы салынған. Осы уақыт ішінде оның төрт иесі болды. Ол соңғы рет 2012 жылы 1,58 миллион долларға сатылды. Үй сатылымда бір жылдан астам уақыт тұрды, ал иелері бастапқыда үйді 2,4 миллион долларға сатқысы келген. Алайда, олар бағадан айтарлықтай төмен түсуге мәжбүр болды.

Сурет: zillow
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 26 ақпан 2026
Институционалдық жаңғыру одақтастарға берілетін белгі: ҚР-ның жаңа Конституциясы жобасының астарында не жатыр
-
16:03, 26 ақпан 2026
«Ерекше мәнге ие»: Михаил Шайдоров Ақордадағы кездесу жайлы пікір білдірді
-
15:54, 26 ақпан 2026
26 ақпанда доллар бағамы саудада өсуді жалғастырды
-
15:43, 26 ақпан 2026
Алматыда шатырдағы мұз бен қарға байланысты жауапкершілік туралы ескерту жасалды
-
15:37, 26 ақпан 2026
«30 жылда қоғам өзгерді»: Мемлекеттік кеңесші қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата Заңның айырмашылығын атады





