ҰБТ-2026 сынағына қатысушыларға жағымды жаңалық жеткізілді

19:42, 5 қаңтар 2026

© Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) дайындығына арналған онлайн байқау сынағы жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылы 5 қаңтарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы осындай тамаша жаңалықпен бөлісті:

"Достар, ҰБТ-ға дайындыққа арналған онлайн байқау жаңартылғанын хабарлаймыз. Ақылы байқау сынағын app.testcenter.kz сайтында тапсыруға болады".

Ол үшін мыналар қажет:

  • app.testcenter.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинетіңізге кіріңіз;
  • "Байқау сынағы" бөлімін таңдаңыз;
  • ары қарай "ҰБТ байқау сынағын" және "ONLINE байқау сынағын" таңдаңыз;
  • "Тестілеу мүмкіндігін сатып ал" батырмасын басып, офертамен танысып, төлем жасаңыз.

Бұған дейін қаңтардағы ҰБТ-ға қанша абитуриент өтініш білдіргенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!