«Ұ-night» шоу жалғасын таппақ!
© Сурет: НТК
НТК арнасында «Ұ-night» шоу жалғасын таппақ! Стендап, жайдарман, кино мен түрлі жобалардан жолын тапқан резиденттер күлкіге қарық қылады.
Импровизацияға негізделген айдарлар – бұл маусымның басты ерекшелігі болмақ.
"Осы жаңа маусымды бастамас бұрын, біз анализ жасадық және негізгі басымдықты импровизацияға беруді жөн санадық. Бұл жолы көрермен бағдарламадан импровизацияға толы айдарларды көретін болады." Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұ-night» шоудың продюсері
Қоғамымызда болып жатқан көптеген оқиғаларды әзіл-күлкі арқылы жеткізуді мақсат еткен бағдарламаның тақырып аясы да толыға түскен. Жоба продюсерінің айтуынша, еліміздегі сайлау жүйесі, шенеуніктер, курьер мен еріктілер бағдарламаның негізгі тақырыбына айналмақ. Одан бөлек, өткен маусыммен салыстырғанда бұл жолғы «Ұ- night» шоудың тағы бір ерекшелігі – жаңа айдарлардың қосылуы.

Сурет: НТК
"«Аз-ақ фильм» атты жаңа айдар қосылды. Бұл сахнадағы импровизациялық фильм. Бұны көру керек, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан бөлек, «Ұ- name» деген айдар бар. Көпшілікке танымал қыз (блогер, әнші, актриса) арнайы шақырылады. Резиденттер оған комплимент айтады. Барлық резиденттердің ішінен жаңағы қыз бір жеңімпазды таңдайды." Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұ-night» шоудың продюсері

Сурет: НТК
Талант пен тапқырлықты қажет ететін шоуға жоба авторлары елімізге белгілі әзілкеш, стендаперлерді арнайы жинақтаған. Бұл жолы резиденттер қатарына жайдарманшы Бексұлтан Піләл мен Нұрбол Сағидуллин қосылды.
"Жобадағы резиденттер жаңа есімдер деп айта алмаймын, барлығы Қазақстандағы танымал әзілкештер. Жалпы, Бексұлтанның кинодағы образдарын көріп жүрсіздер. Сондықтан, Бексұлтанда мін болған жоқ." Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұ-night» шоудың продюсері
Ал Нұрбол о баста «Әттеген-ай, осы Нұрболды алу керек еді» деп алғашқы маусымда қалып кеткен резидентіміздің бірі еді. Сондықтан Нұрбол да бірден алынды.

Сурет: НТК
"Жайлап-жайлап үйреніп жатырмын. Жалпы бәрі жақсы болып жатыр." Бексұлтан Піләл, «Ұ-night» шоу резиденті
«Ұ-night» шоу 2 сәуірден бастап, әр жексенбі, сағат 23:00-де НТК арнасынан эфирге жол тартады!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





