Тұтынушы құқығы: Жеңілдікпен сатылатын зат кері қайтарыла ма
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар 1 жылда дүкен иелерінен 1 миллиард 700 миллион теңге қайтарып алған. Бұл қаражат тұтынушыларға сатып алған тауарын кері өткізу арқылы берілген.
Алайда мұндай тауар жеңілдікпен сатылса, оны сатушыға қайтару мүмкін емес көрінеді. Былтыр осындай жағдайға тап болған 60 мың адам уәкілетті органдарға шағым түсірген.
Саудагерлердің бұл ісі заңды ма? Жеңілдікпен сатылатын зат кері қайтарылмай ма? Көптің көкейіндегі сауалға "Алматы" телеарнасының студия қонағы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Әсемай Нұрлан жауап береді.
– Жеңілдікпен сатылған тауарды қайтаруға немесе айырбастауға бола ма?
"Заңның 14-бабына сәйкес, 14 күннің ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар. Жеңілдікпен сатылған заттарды да қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар".
– Әдетте сатушылар "жеңілдікпен сатылып жатқан тауарларды кері қайтаруға болмайды" деп айтады. Егер оны қабылдамаса немесе айырбастамаса, тұтынушы қайда хабарласу керек?
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" заңының 30-бабына сәйкес, егер де тауардың түрі бүлінбесе, жапсырмасы болса және де түбіртегі сақталса, тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Егер сатушы қайтармаймын десе, тұтынушы наразылық хатпен жолдауға құқығы бар. Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау органдарына хабарласуы керек".
– Былтыр елордада осындай шағыммен сауда жане тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне неше адам жүгінді?
"Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне былтыр 7 мыңдай өтініш түсті. Оның ішінде 200-ден астамы тауарды айырбастау немесе қайтару үшін жазылған шағым".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:01, 6 қаңтар 2025
«Тас-талқаны шықты». Медеуге барар жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам зардап шекті
-
22:40, 6 қаңтар 2025
Желідегі видео: Үстел басында «жұлдыздармен» бірге отырған Нұрлан имам көптің сөзіне қалды
-
22:40, 6 қаңтар 2025
Желідегі видео: Үстел басында бірге отырған Нұрлан имам мен Тамара Асар көптің сөзіне қалды
-
22:16, 6 қаңтар 2025
«Аяз, қарлы боран, көктайғақ»: Астана мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:41, 6 қаңтар 2025
Шымкенттік полицейлер алаяқтық бойынша күдікке ілінген ер адамды іздеп жатыр