Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды
© Сурет: polisia.kz
Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 3 желтоқсан күні үздіксіз іздестіру жұмыстарынан кейін көрші үйдің маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылған.
Баланың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілген, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы жүр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
1 желтоқсан күні кешке Түркістан тұрғыны қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын айтқан.
Баланы іздеуге полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуретпен бірге барлық ауданға таратылған. Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке жеткен.
Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда туған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





