Түркістанда 12 метр тереңдіктегі құдыққа әйел адам құлап кеткен - видео

12:09, 9 мамыр 2026

© Сурет: freepik

Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үй аумағында белгісіз жағдайларда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы бар құдыққа 1976 жылғы әйел адам құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңертең Юсупов көшесінде орналасқан тұрғын үй ауласында орын алған.


"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!