Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
© Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев
Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 9 мамыр 2026
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
-
12:09, 9 мамыр 2026
Түркістанда 12 метр тереңдіктегі құдыққа әйел адам құлап кеткен - видео
-
11:39, 9 мамыр 2026
Қазақстаннан Өзбекстанға бет алған адамдар «Қапланбек» бекетінен өте алмай тұр: ҰҚК себебін түсіндірді
-
11:30, 9 мамыр 2026
Астанада қазақ жауынгерлерінің ұрпақтарына Франциядан жолданған марапаттар табысталды
-
11:06, 9 мамыр 2026
Астанада көрме кезінде бронды техниканың түтіндеуіне байланысты түсініктеме берілді - видео





