Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 9–11 мамырға арналған ауа райы болжамы

14:07, 8 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 9–11 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сүйенсек, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10–11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

"Ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +13…+28°С,
  • солтүстік-батыста +10…+18°С,
  • солтүстікте +5…+13°С,
  • орталықта және шығыста +8…+18°С,
  • оңтүстікте +17…+26°С,
  • оңтүстік-шығыста +15…+22°С,
  • таулы аудандарда +8…+13°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!