Алматыда тағы бір емхана пайда болды

16:17, 8 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматыда Медеу ауданының Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы №35 Қалалық емхана болып қайта аталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, мәртебенің өзгеруі емхананың қызмет ауқымының кеңеюіне, көрсетілетін қызмет көлемінің артуына және қазіргі таңда 36 700 адамнан асқан тіркелген халық санының өсуіне байланысты болып отыр. Қолданыстағы стандарттарға сәйкес, БМСКК орталығының форматы 30 мың адамға дейін қызмет көрсетуге арналған. Осыған байланысты оны қалалық емханаға айналдыру туралы шешім қабылданды.

"Бүгінде емханада мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылған, Күндізгі амбулаториялық хирургия бөлімшесі (ЦАХ), Жастар орталығы, сондай-ақ психоәлеуметтік көмек бағыттары жұмыс істейді. Жастар орталығы тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, Медеу ауданының барлық тұрғындарына консультациялық және медициналық қолдау көрсетеді",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, емханада Психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. Мұнда Медеу ауданының тұрғындары дәрігер-психиатрдың консультациясын, диспансерлік бақылауды, дәрілік препараттарды тағайындау мен алуды, сондай-ақ қалалық Психикалық денсаулық орталығына бармай-ақ қажетті мамандандырылған көмекті ала алады.

"Алдағы даму жоспары аясында 2027–2028 жылдары жертөле қабатын күрделі жөндеу, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен шала туған нәрестелерге консультациялық көмек пен сүйемелдеу көрсететін катамнез кабинетін ашу жоспарланған". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бұған дейін Жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер қашан қабылданатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!