+36°С-қа дейін аптап ыстық пен жаңбыр: 9 мамырда елде ауа райы қандай болады
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 мамыр, сенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Жеңіс күні күндіз +35…+36°С аптап ыстық:
- Алматы облысында,
- Жетісу облысында сақталады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райына әсерін жалғастырады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай болады, ал батыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ төтенше өрт қаупі:
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының оңтүстігінде күтіледі;
- Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде сақталады.
"Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында, Алматы облысының солтүстік бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі", – делінген болжамда.
Сонымен қатар синоптиктер республиканың үш ірі мегаполисіндегі Жеңіс күніне арналған ауа райы болжамын жариялады:
- Астанада – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
- Алматыда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +31…+33°С.
- Шымкентте – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +28…+30°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:35, 8 мамыр 2026
Қазақстандық үш гимнаст Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына жолдама алды
-
18:29, 8 мамыр 2026
Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды
-
18:20, 8 мамыр 2026
Алматыда пневматикалық қару және пышақтар тәркіленді
-
18:02, 8 мамыр 2026
Тоқаев Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады
-
18:00, 8 мамыр 2026
Төтенше жағдай туындауы мүмкін: қала билігі алматылықтарға ескерту жасалды





