Түркістанда «Менің туым – менің Отаным!» атты жүгіру марафоны өтті

© Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Менің туым – менің Отаным!" атты бұқаралық жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы және Түркістан әкімдігі ұйымдастырған марафонға 500-ге жуық тұрғын қатысты. Сонымен қатар еліміздің Атырау, Ақтау сияқты қалаларынан келген қонақтар да өз бақтарын сынады.

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту және халықты спортпен шұғылдануға көптеп шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытында ұйымдастырылған шара Бекзат Сәттарханов даңғылы бойында орналасқан тікұшақ алаңынан Рәміздер алаңына дейін жалғасты. Азаматтар марафон аясында 2,4 шақырымды жүгіріп өтіп, үш жас ерекшелігі бойынша үздіктер анықталды.
10-13 жас аралығында Рустам Суннатиллаев мәре сызығын бірінші кессе, екінші болып Диярбек Хусанов келді. Ал Азамат Анафия үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар 23-27 жас аралығында бірінші орынды Бақкелді Саулебайұлы иеленсе, Шақижахан Юлдашев екінші орынға шықты. Үшінші орын Нұрбақыт Қамбарбекке бұйырды. Сондай-ақ 38 жастан асқан марафоншылар арасында Серік Исмаил бірінші орыннан көрінсе, Марат Нұрмахан мәре сызығына екінші болып жетті. Ал Алмас Рустем үшінші орынды олжалады. Спорттық шарада ең жас марафоншы 7 жастағы Алан Абибулла мен белсенді қатысқан азаматтар да марапат иегері атанды.

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Арнайы өткізілген жүгіру марафонының жеңімпаздарын Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев салтанатты түрде марапаттады.
"Қасіретті жылдарда, аумалы-төкпелі замандарда ел егемендігі, жер тұтастығы үшін басын бәйгеге тіккен ұлтымыздың небір асыл азаматтары осы күнді көрмей кетті. Сондықтан бұл күнді құрметтеу, тәуелсіз ел екенімізді айқындап тұрған рәміздерімізді қадірлеу – әр отандасымыздың қастерлі парызы". Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Марафон соңы ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қорытынды іс-шараға ұласты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы көтерілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл күні Түркістанда және аудан, қалаларда велошерулер, автошерулер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Көк туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы, Әнұранды тебірене шырқады. Қолдарына көк Туды желбіреткен Түркістан жұртшылығы айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:54, 26 қыркүйек 2023
Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды
-
01:22, 26 қыркүйек 2023
Астанада мектептің баспалдағынан құлап кеткен баланың әкесі ем-домды өтеуді талап етіп отыр
-
01:22, 26 қыркүйек 2023
Астанада мектепте баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі ем-домын өтеуді талап етіп отыр
-
00:42, 26 қыркүйек 2023
Шымкентте әтір ұрлаумен айналысқан анасы мен қызы ұсталды
-
00:19, 26 қыркүйек 2023
Азия ойындары: 26 қыркүйекте қазақстандық спортшылар спорт қай түрлерінен бақ сынайды