Түркістан тұрғынынан дәрілердің 12 мыңнан астам қаптамасы тәркіленді

13:38, 16 шілде 2020

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттарсыз дәрілік препараттарды сатумен айналысқан екі дәріхананың заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан қ. тұрғыны лицензиясыз Төреқұлов көш. 69 және Қожанов б/н көш. орналасқан "Раяна" және "Гуламова" дәріханаларында дәрі-дәрмектерді сатқандығы анықталды.

Тексеріс барысында 714 түрлі дәрілік заттардың 12 341 қаптамасы тәркіленді.

Барлық жинақталған материалдар, сондай-ақ, тәркіленген дәрілік препараттар Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!