Түркістан облысындағы жол апатынан 10 адам қаза тапты
© Сурет: видео скрині
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам мерт болды. Бәйдібек ауданында жоғары жылдамдықпен келе жатқан үш көлік соқтығысып, 9 адам тірідей өртеніп кеткен. Тағы бір ауыр жараланған науқас ота үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тірі қалған 14 адам қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Он адамның өмірін жалмаған жол апатына кімнің кінәлі екенін жол сақшылары анықтап жатыр.
Ірі жол апаты Бәйдібек ауданындағы Екпінді мен Шаян ауылдарының арасындағы жолда таңғы сағат 9-да болған. Қос көлік қана сиятын тар жолда Ниссан жеңіл көлігі қарсы бағытқа шығып, Созақ ауданынан келе жатқан жолаушылар толы шағын автобуспен бетпе-бет соғылған. Оларға арт жақта келе жатқан тағы бір Тойота соқтығысып, үш көлік те сол мезетте отқа ораныпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Өрт сөндірушілер жетем дегенше автокөліктер өртеніп кеткен. 9 адам техниканың ішінен шыға алмай қалған. Тірі қалған 15 жолаушы іргедегі Шаян ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Есін енді жиған 20 жасар Алуа Созақ ауданынан Шымкентке әке-шешесімен қыдырып шыққанын айтады.
"Қатты жылдамдықта келе жатып ойнақтады, жол бойы. Сосын қарамақарсы көлік келіп қалды да сол авария болды. Бірінші спринтерден шықты, сосын барып жеңіл көлікке тиді. –Үшеуі де өртенді ма?-Иә. Жеңіл көлікте адам болған. Адаммен бірге өртеніп кетті, көз алдымда, иә. + Бүйтіп аударылған кезде терезеден шығып кеттім. Екі рет пе аударылды. –Қасыңдағы адамдар шығып үлгерді ме? -Көбісі шыға алмады". Созақ ауданының тұрғыны Алуа Байділдәқызы
Ауруханаға жеткізілгендердің басым көпшілігі Созақ ауданының тұрғындары екен. Таңертеңнен бері облыстан санавиациямен алдырылған 11 маман науқастарға ота жасап жатыр. Көп қан жоғалтқан 49 жастағы тұрғын операция кезінде көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы бірі өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан 5 адамның төртеуі 6 мен 11 жас аралығындағы балалар.
"Жарақаттардың барлығы негізінде бас мидың жабық жарақатары, сүйектердің сынуы, сосын кеуде клеткасына және іш құрылысының жабық соққы жарақаттары". Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков
Жол апаты болған аумаққа қазір ешкім жіберілмейді. Полицейлер жолды жауып, өзге көліктерді кері қайтарып жатыр. Жол апаты орын алған соң Екпінді мен Шаян ауылдарының ортасындағы облыстық маңызы бар жолдың 7 шақырымы жабылды. Қазір мұнда облыс пен ауданнан келген анықтаушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл жолмен әзірге ешкім жүре алмайды.
"Алдын ала анықтаған себебі Ниссан Х трейл автокөлігі қарсы бағытқа шығып, Фольксвагене автокөлігімен соғысқан". Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





