Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды
© Сурет: pixabay
Түркістан облысы Сайрам аудандық соты жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол жүктілігін соңына дейін жасырып, босанғаннан кейін сәбиді шұңқырға тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың сәуір айында Д. есімі белгісіз адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болған. Әйел жүктілігін туыстарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған және тексеруден өтпеген.
2025 жылдың желтоқсанында Сайрам ауданында жүктіліктің тоғызыншы айында Д. өз үйінің ауласындағы дәретханада тірі бала босанған.
"Содан кейін ол жаңа туған шақалақты дәретхана шұңқырына тастаған. Ол сәбидің өмірін сақтап қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған, керісінше баланың туу фактісін жасыру мақсатында ауладан құм, тас пен топырақты алып, шұңқырда жатқан нәрестенің үстіне төккен", деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі 2026 жылғы 14 тамызда.
Осылайша, Д. босану кезінде жаңа туған баласын өлтірген.
Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындады. Прокурор оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
"Д. ҚР ҚК 100-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





