Елордада түнгі клубтағы төбелес кезінде 18 жастағы жігіт көз жұмды. Сот қандай үкім шығарды

19:47, 14 тамыз 2026
MKZ: 1561416

© Сурет: Zakon.kz

Астанада түнгі клубта ер адамды ауыр соққыға жығып, өлтірді деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы желтоқсанда сотталған Ә. және А. Астана қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде жәбірленушілер Г. және Ч-мен туындаған жанжал барысында алкогольдік масаң күйде болып, жәбірленушілер Г. және Ч-ның денесінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше рет соққы жасаған. Осыдан кейін сотталғандар оқиға орнынан кетіп қалған, ал жәбірленуші Ч. алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Сот тергеуінің қорытындысы бойынша Ә. және А. ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, бейнежазбаны қарау нәтижелерімен, сондай-ақ тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

"Адамға қарсы жасалған, адам өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстың мән-жайларын, іс-әрекеттің жоғары қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын, сондай-ақ жазаның баламалы түрлерінің болмауын ескере отырып, сот А-ға ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай мерзімге, ал Ә-ға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады".Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты

Сотталғандардан материалдық залал ретінде 1 млн 905 мың теңге, өкілдік ету шығындары ретінде 2 млн теңге және моральдық зиян үшін 10 млн теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!