Мысырдағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, үш адам көз жұмды

10:54, 14 тамыз 2026
MKZ: 1561290

© Сурет: magnific

Мысырдың Жаңа Каир қаласындағы Arabella Plaza сауда орталығында болған жарылыстан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Khaleej Times басылымының жазуынша, ғимараттың бірінші қабатындағы сыйлықтар дүкенінде гелий толтырылған баллон жарылған. Соның салдарынан шағын өрт тұтанды, алайда құтқарушылар оны дер кезінде сөндіріп үлгерді. Жарылыс салдарынан көршілес бірнеше дүкеннің қасбеті де зақымданған.

Оқиға орнына сегіз жедел жәрдем көлігі жіберілді. Зардап шеккен 11 адам Жаңа Каирдегі мамандандырылған ауруханаға, тағы алты адам жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Сонымен қатар билік әлеуметтік желілерде тараған сауда орталығындағы лифт құлады деген ақпаратты жоққа шығарды.