Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады – синоптиктер ескерту жасады

09:22, 14 тамыз 2026
MKZ: 1561267

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін 2026 жылдың 14 тамызында Қазақстанның екі ірі қаласында – Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады. Осыған байланысты қала тұрғындарына көшеде жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.

"2026 жылғы 14 тамызда Алматыда, ал түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады", – делінген ескертуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, баяу жел, тұман және инверсия жатады.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 16 облысында 2026 жылғы 14 тамызға дауылды ескерту жариялағаны хабарланған болатын. Елдің нақты қай өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын және аптап ыстық болатынын сілтеме арқылы білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!