Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесіп жүріп, әйелін ұрған: Жетісуда заңгер сотталды

12:14, 14 тамыз 2026
MKZ: 1561310

© Фото: pexels

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін орталықтың заңгері әйеліне күш қолданғаны үшін 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 2026 жылғы 14 тамызда істің кейбір мән-жайын мәлімдеді.

Құқықбұзушылық жасаған кезде ер адам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсететін "Жанұя" отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген.

Зардап шеккендердің құқықтарын қорғаумен айналысқанына қарамастан, ол өз жұбайына қатысты заңсыз әрекет жасаған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

"Сот үкімімен ер адамға 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енді", – деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Павлодарда 23 жыл отасқан ерлі-зайыптының некесі асүйде болған жантүршігерлік қайғылы оқиғамен аяқталғаны хабарланған еді. Ерлі-зайыптының арасында не болғанын осы сілтемеден оқуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!