Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
© Фото: zakon.kz
Алматы облысы, Іле ауданы, Ардагер-Ветеран ауылында тұрғындар үйден шыққанда газ құбырын аттап өтуге мәжбүр. Бұл жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жағдайға қатысты Қазақпарат "QazaqGaz Aimaq" АҚ-тың Алматы өндірістік филиалының түсініктемесін жариялады. Ресми жауапқа сәйкес, Алматы облысы Ардагер-Ветеран ауылында ұзындығы 130 метр болатын жерүсті газ құбырын 2011 жылы "АДФ Строй" ЖШС салған. Бірақ құрылыс жүрген уақытта бұл мекенжайларда тұрғын үйлер болмаған. Ал 2013 жылдың 4 мамырында аталған газ құбыры "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалының теңгеріміне берілген.
"АДФ Стро" ЖШС газ құбырын салған кезде бұл аумақта тұрғын үйлер болмаған, жер телімі игерілмеген еді. Кейіннен аталған аумақта тұрғын үйлер салынып, соның салдарынан қолданыстағы жерүсті газ құбыры қазіргі үйлердің қақпасының алдынан өтеді", делінген жауапта.
Сондай-ақ "QazaqGaz Aimaq" АҚ халықтың өтініштерін ескере отырып өз қаражаты есебінен газ құбырының осы учаскесін қайта монтаждау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Жұмыстар барлық қажетті техникалық талаптар мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Компанияның басты міндеті — тұрғындар үшін туындаған қолайсыздықты жою, сонымен бірге 24/7 режимінде сенімді әрі қауіпсіз газ беруді қамтамасыз ету", деп хабарлады компаниядан.
Бұған дейін Жетісу облысында газ құбырын сапасыз салған компаниядан 45,9 млн теңге өндіріп алынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды
-
20:52, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





