Түркістан облысында 1 жасар баланың тыныс алу жолына тауықтың сүйегі тұрып қалған
© Сурет: видео скрині
1 жас 3 айлық баланың тыныс алу жолына тауықтың сүйегі тұрып қалған. Дәрігерлер ауыр халде ауруханаға түскен баланың денесінен бөгде затты алып шықты. Олардың сөзінше, кейінгі кезде мұндай жағдай жиілеген. Ауруханаға тіпті өкпесіне стоматологиялық ине түсіп кеткен пациент те келген екен.
Дәрігерлер 1 жасар баланың тыныс алу жолынан тауықтың сүйегін алып шықты. Анасының айтуынша, бүлдіршін сағат 22:00 кезінде полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Мақтаралдағы жағдай бойынша айтатын болсақ, бала бізге ауыр жағдайда келіп түсті. Алдын ала диагноз "тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалуы" болды. Мақтаралдағылар ол полиэтилен пакетінің бөлігі болуы мүмкін деген, бірақ біз оның тауық сүйегі екенін анықтадық. Ол баланың сол жақ өкпе тыныс алу жолдарын толық жауып қалғандықтан дем жетпей қалған. Біз бөгде затты баланың ішінен алып шықтық" Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабур Рахманқұлов
Қазір баланың денсаулығы қалыпты. Ал, дәрігерлер мұндай оқиғаның кейінгі кезде жиі болып жатқанын айтты.
"Бізге тіс дәрігерінің айтуы бойынша, тістің жүйкесін алып жатқан кезде, бала оның қолын тістеп алған. Сол кезде байқаусызда стоматолог инені жіберіп қойған. Сол кезде бұл баланың тыныс алу жолына өтіп кеткен. Стоматологтың өзі де келген еді сол кезде. Наркозбен баланың өкпесіне зақым келтірмей, инені шығарып бергенбіз". Бабур Рахманқұлов
Дәрігерлер мұндай оқыс жағдай орын алса, бірден медициналық мекемеге жүгіну қажет дейді және ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 13 қараша 2025
Қазақстанда ЖРВИ: 1 млн 278 мың адам ауырған
-
10:19, 13 қараша 2025
Биыл елде қыс жылы болады – Қазгидромет
-
10:08, 13 қараша 2025
Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты
-
09:54, 13 қараша 2025
Түркістан облысында ұландық сарбаз телефондарды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті
-
09:46, 13 қараша 2025
МӘМС жүйесіне кірмейтіндерге қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі





