Түркістан облысында тұрғынның үйінен 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді
00:05, 25 наурыз 2023
144

© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне тұрғынның бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады. Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі.
Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты
-
20:32, 6 маусым 2023
Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды
-
20:32, 6 маусым 2023
Қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды
-
20:13, 6 маусым 2023
Өскеменде үш жасар бала терезеден құлап, мерт болды