Түркістан облысында токқа түскен 10 жастағы бала аяғынан айырылды

21:56, 26 мамыр 2023

© Сурет: Zakon.kz

Түркістан облысында 10 жастағы бала тоққа түсіп, бір аяғынан айырылды. Шанақ ауылында тұратын Бейбарыс қосалқы станцияға ішінде жайылып жүрген есекті қуып шығу үшін кірген. Көпшілік трансформаторға құлып салмаған электр желісіне жауаптыларды кінәлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойнап жүрген үш бала қоршауға кірген есекті ұстамақ болыпты. Бірақ электр қондырғысының қоршауын ұстаған Бейбарысты жоғары кернеулі тоқ ұрған. "Қоршауды ұстар-ұстамас қолым мен аяғымды біреу отпен ұрғандай болды" деген бала есін енді жиды. Сол қолынан кіріп, аяғынан шыққан тоқ сол аяғының тамырын күйдіріп жіберген соң дәрігерлер амалсыздан ампутация жасады. Қазір облыстық балалар ауруханасында жатқан оқушыны қасында анасы бар. Қолы да қатты күйік қалған Бейбарысқа бірнеше ота жасалды, деп хабарлайды КТК.

"Тізесінен үштен екі бөлімі алынды. Сол қолы күйіктің терең, үшінші А, Б дәрежелі болуына байланысты емделіп жатыр. Қолын ампутациялауға қатер жоқ, бірақ әлі де ота жасалады".Түркістан облысы балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Тұрысбеков

Жергілікті халық қосалқы станция қожайынына наразы. Ал электр желісіне жауаптылар баланың өзін кінәләп отыр. Біресе он жасар бала "есіктегі құлыпты бұзып кірді", біресе "қоршаудан секіріп кірген" дейді. Тіпті мекеме тарапынан еш көмек көрсетілмейді деп кесіп айтты.

"Кім айыпты екенін органдар шешіп берсін. Ешқандай көмек болмайды. Қоршаулы қондырғының ішіне неге кіреді? Ішінде мал жүрсе мұндай болмайды, станцияны, даланы көріңіз, ішті көріңіз. Мен сеніп отырмын. Қазір бұл жағдай бойынша полиция іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр".Қазығұрт ауданы электр желілері мекемесінің бас инженері Жаханбек Серікбаев

Ал сау баланың аяқ-асты мүгедек болғанына налыған Бейбарыстың жақындары электр желілеріне жауаптылар, тым болмағанда, емін көтеріп, келесі оқу маусымына протез салдырып беруін ғана қалайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!