Түркістан облысында танысын балталап өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

21:29, 2 маусым 2023

© Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жантүршігерлік қанды оқиғаға нүкте қойылды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бөтелкелесін балтамен өлтірген ер кісіге үкім шықты. Оған 9 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанды оқиға 2023 жылы 13 наурыз күні болған. 12 наурызда екі ер адам бірінің үйінде арақ ішіп, көңіл көтерген. Содан оның бірі үйіне мас халде келіп, есікті құлыптамастан ұйқыға жатып қалған. 13 наурызда сағат 01:30 шамасында жәбірленуші мас халде бөтелкелесінің үйіне барып, өзімен бірге алып барған ағаш сапты жүзі темірден жасалған балтамен шырт ұйқыда жатқан досының бас тұсынан бір рет ұрған. Кейін балтаның ағаш сабымен оны қылқындырған. Сол сәтте досы қол астында тұрған қайшыны алып, жәбірленушінің сол жақ қол тұсына бірнеше соққы жасаған. Содан досының қолындағы балтасын күштеп тартып алып, қасақана өлтіру мақсатында бас тұсынан балтаның жүзімен бірнеше рет соққылаған. Алған дене жарақатынан жәбірленуші мерт болды, деп хабарлайды Otyrar.tv.

Сотта досын өлтірген ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен айып тағылды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!