Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады
© Сурет: polisia.kz
Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысының бірнеше жайтына қатысы бар әйелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, күдікті әйел танысының сеніміне кіріп, Алматы қаласынан арзан алтын алдырып беремін деп 160 мың теңге ақшасын алған. Содан қаражатты бас пайдасына жаратқан.
Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек 4 бірдей алаяқтық қылмысына қатысы барын анықтады. Яғни жәбірленушілерге "қайтарымсыз грант алып беремін" деп әрқайсысынан 200 мың теңгеге жуық қаражат алған.
Келтірілген шығын 900 мың теңгеге жуықтайды.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 2 қаңтар 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
-
17:55, 2 қаңтар 2025
Алматыдағы «Москва» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
-
17:46, 2 қаңтар 2025
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінді
-
17:26, 2 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды