Түркістан облысында 3 мыңға жуық көлік айыптұраққа қойылды
© Сурет: Zakon.kz
Полицейлер жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.
Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері бағдарлама көмегімен ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі және 3-бөлігі (Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 341 көлік жүргізушісін анықтады.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша 28 жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Айыптұраққа 2954 автокөлік қойылды. Мәселен, тәртіп сақшылары “Қорғау” бағдарламасымен 13 миллион теңге берешегі бар Түркістан қаласы тұрғынының автокөлігін анықтады. Жедел қызмет еткен полицейлер республикалық маңызы бар трассалардың бірінен берешегі бар Toyota автокөлігін тоқтатты.
Айта кетсек, бұл бағдарламада “Сергек” камералары, жедел басқару орталығы мен полиция қызметкерлерінің планшеттеріндегі мобильді қосымша біріктірілген. Осы арқылы тәртіп сақшысының планшетіне дабыл түсіп, дер кезінде құқық бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері аталмыш мобильді қосымша көмегімен тексеруден өтпеген, айыппұлы төленбеген жақын маңдағы көліктерді және жол қозғалысы ережесін бұзудың басқа да жайттарын анықтай алады.
Полицейлер жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Ал “Қорғау” қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





